Өңірлер

Бұршақ және дауыл: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр және бұршақ жауып, жел күшейетінін ескертті.
Елдің батысы мен солтүстік-шығысында күн ашық болады. Барлық дерлік өңірде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күндіз +32 градусқа дейін ыстық болады, найзағай жарқырап, жаңбыр жаууы мүмкін, түнде +15... +17 градус.
Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз сынап бағанасы 30 градустан жоғары көтеріледі.
Шымкентте күндіз 36 градус ыстық, бұршақ түсуі мүмкін.

Өңірлердегі ауа райы

Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл болжанып отыр. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысында таңертең және күндіз батыста, оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай және дауыл, ал солтүстік пен батыста шаңды дауыл күтілуде. Облыстың басым бөлігінде жел күшейеді.
Қызылорда облысында күндіз солтүстігінде найзағай ойнап, облыс орталығында 15-20 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік пен шығыста күн күркіреп, найзағай жарқырайды, желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қарағанды облысында күндіз батыста, солтүстікте, шығыста найзағай болжанып отыр, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстікте, батыста найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі, жел күшейеді.
Қостанай облысында батысы мен солтүстігінде найзағай жарқырайды, бұршақ түседі, дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында солтүстік пен шығыста найзағай ойнайды, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысында күндіз солтүстікте найзағай, бұршақ, дауыл, жел күтілуде.
Ақмола облысында түнде батыста, күндіз солтүстікте, батыста, шығыста найзағай жарқырайды, солтүстікте, батыс пен шығыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Аптап ыстық

Қостанай мен Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде күндіз аптап ыстық болжанып отыр.
Қызылорда облысында, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында және Жамбыл облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.