НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Атырау облысында жер үйге жай түсіп, өрт басталды. Үй толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Найзағай түсіп үй өртеніп кетті
© ДЧС Атырауской области
Төтенше жағдай Исатай ауданындағы Нарын ауылында болған. 17 маусым күні кешкі сағат 19:00 кезінде жер үйдің шатыры лап етіп жанды.
Зардап шеккендер жоқ
© ДЧС Атырауской области
"Өрттің себебі анықталды. Қатты жаңбыр кезінде найзағай түскен. Ешкім зардап шеккен жоқ", - дейді құтқарушылар.
Сол күні кешкі сағат 20.45-те тілсіз жау ауыздықталды.
Еске салсақ, мамыр айында Ақтөбе облысында жаспөспірімге жай түсіп, мерт қылған еді.