Өңірлер

Ақмола облысында жүк пойызы бір отар қойды қағып кетті

Машинист тоқтап үлгермеген, мал қырылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Ақмола облысында жүк пойызы 22 бас қойды қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда маңында пойыз қойларды қағып кетті
17 маусымда Ақмола облысында "ОП-96-Жайнақ" өткелінде жүк пойызының машинисі теміржол бойында мал жүргенін көрген. Ол шұғыл тежегішті басқан. Бірақ пойыз тоқтап үлгермеді, 22 қой өлді. Пойыз 22 минут аялдады.
Елорда маңында пойыз қойларды қағып кетті
"Нұр-Сұлтан" стансасындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері мал иесін анықтады. Ол елорданың 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам мал жаю ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.
Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті пойызды кенеттен тоқтатудың 824 фактісін тіркеген. Оның ішінде 534-і – темір жолда жайылған малмен байланысты. 351 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.