WhatsApp-та "қара тізім" пайда болды

Бұл опциялар алғаш рет былтыр таңдаулы бета-тестерлерде ұсынылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым - Sputnik. Танымал WhatsApp мессенджерін жасаушылар барлық пайдаланушы үшін жаңа құпиялылық параметрі енгізілетінін мәлімдеді.
Профиль суретін, нөмір иесі туралы ақпаратты, мессенджерге соңғы кірген уақыты мен статусын көре алатын адамдарды таңдауға болады. Бұл опциялар алғаш рет былтыр таңдаулы бета-тестерлерде ұсынылды. Бірақ қазір компания оларды барлық пайдаланушы үшін іске қосты.

Бұған дейін қалай болды

Осы уақытқа дейін пайдаланушылар WhatsApp статусы, соңғы болған уақыты және өзі туралы ақпарат көрініп-көрінбейтінін таңдады:
барлығына,
тек контактілерге,
толықтай жасырылған.

Енді қалай болады

Енді "... басқа менің контактілерім" опциясы пайда болады.
Оның арқасында фото, статус, ақпаратты көре алмайтын пайдаланушыларды таңдау мүмкіндігі пайда болды. Алайда өзгелері үшін ақпарат толықтай сақталады. Бір сөзбен, "қара тізім" функциясы қосылады, деп жазады ixbt.com.
Қоғам
Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті