Саясат

Тоқаев кейбір ресейлік саясаткердің Қазақстанға қатысты мәлімдемелерін сынады

Олар біздің халықтарымыз арасындағы алауыздықты сейілтіп, сол арқылы Ресейдің өзіне зиян келтіріп отыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ресейлік депутаттың, қоғам қайраткерлерінің Қазақстан туралы айтқан сөздері Ресейдің өзіне зиян келтіретінін айтты.

"Мен бірқатар ресейлік депутаттың, журналистің, тіпті мәдениет қайраткерінің Қазақстанға қатысты айтқан сөзіне қатысты наразылығымды білдіргім келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург Халықаралық экономикалық форумының панельдік сессиясында.

Мен бүгін жоғары басшылықтың, Кремльдің Қазақстанға және басқа мемлекеттерге қатысты ұстанымын толық білдірген Владимир Владимировичке ризашылығымды білдіремін, деді Тоқаев.
"Олар біздің халықтарымыз арасындағы алауыздықты сейілтіп, сол арқылы Ресейдің өзіне зиян келтіріп отыр. Бұл мәлімдемелер маған түсініксіз. Олар Қазақстан басшылығының шешімдеріне немесе біздің елімізде болып жатқан оқиғаларға қандай да бір оғаш түрде пікір білдіреді", - деп атап өтті президент.
Саясат
Қазақстан ЛХР мен ДХР-ды мойындамайды - Тоқаев