НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикаларын квази-мемлекеттер деп атады. Қазақстан оларды мойындамайтынын атап өтті.
Тоқаев қазақстандықтар Украинадағы Ресейдің арнайы операциясы туралы не ойлайтынын айтты.
"Түрлі пікір бар, қоғам ашық. Қазіргі халықаралық құқық - БҰҰ жарғысы. Бірақ БҰҰ-ның екі қағидасы қарама-қайшылыққа келді. Бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өзін-өзі анықтау құқығы",-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Егер барлық ұлттың өзін-өзі анықтау құқығы жүзеге асырылса, онда жер бетінде 500-ден астам мемлекет пайда болады, демек хаос туындайды, деді ол.
"Осы себепті біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамай отырмыз. Шамасы, бұл қағидат Луганск пен Донецк сынды квазимемлекеттік бірлестіктерге қатысты да қолданылады", - деп тікелей жауап берді Қазақстан президенті Петербург халықаралық экономикалық форумында.