Өңірлер

Павлодарда танысын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Әйелдің айтуынша, күдікті оны үйде зорлаған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Павлодарда ұландықтар әйел зорлады деген күдікпен ер адамды ұстады.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің ақпаратынша, 102 нөміріне әйел хабарласып, үйде оны таныс ер адам зорлағанын айтып арызданған.
Хабарлама түсе салысымен 5512 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері оны бірден іздестіруге кірісті.
"Ұландықтар түнгі 22.30 шамасында Нұрмағамбетов көшесі бойындағы үйдің ауласында бір ер адамды байқаған. Ол әскери жасақты көргенде абдырап, сасқалақтай бастаған. Әскерилер оны ұстап, дереу полиция учаскесіне жеткізді", - делінген хабарламада.
Жәбірленуші күдіктіні бірден таныды.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-тармағы бойынша (зорлау) қылмыстық іс қозғалды.
Жамбыл облысында баланы зорлады деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды