НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Мемлекеттік Думадағы Севастополь депутаты, Халықаралық істер комитетінің мүшесі Дмитрий Белик Севастополь мен Херсон арасында бауырластық туралы келісім жасауды ұсынды.
"Севастополь сияқты Херсон да тарихи ресейлік қала. Херсон мен Севастопольді флот тораптары мен тарих тығыз байланыстырып тұрғанын ескерсек, олардың бауырлас қалаларға айналуы керек деп ойлаймын. Бұлар туысқан қалалар, өйткені олар ресейлік Қара теңіз флотының ортақ бесігі", - деп мәлімдеді РИА Новости агенттігіне Белик.
Арнайы операция барысында ресейлік әскерилер Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов маңы бөлігін бақылауға алды.
Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады, Қырыммен сауда байланысы қалпына келтіріліп жатыр.
Өңірлер 2022 жылы референдум өткізіп, Ресей Федерациясының субъектісіне айналу туралы жоспарын жариялады.