НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Өткен тәулікте Киевтің қатысуынсыз Украинаның қауіпті аймақтары мен Донбасстан 20,7 мың адам, оның ішінде 3,3 мың бала Ресейге эвакуацияланды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Киев билігі жасаған қиындықтарға қарамастан, өткен тәулікте украиналық тараптың қатысуынсыз 20 749 адам, оның ішінде 3 353 бала Украинаның қауіпті аймақтары мен Донбасс республикаларынан Ресей Федерациясының аумағына көшірілді", - деді Ресейдің гуманитарлық әрекет бойынша ведомствоаралық үйлестіру штабының басшысы – Ұлттық қорғанысты басқару орталығының басшысы, генерал-полковник Михаил Мизинцев мәлімдеді.
Оның айтуынша, арнайы әскери операция басталғаннан бері барлығы 1 885 696 адам эвакуацияланған, оның 300 340-ы балалар.