Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Арнайы әскери операция: Ресей УҚК-нің 2 мыңнан астам қару-жарағын жойды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Арнайы әскери операция басталғаннан бері ресейлік әскер Украинаның 2 мыңнан астам артиллериялық және минометтік қару-жарағын, сондай-ақ жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің 539 жауынгерлік машинасын жойды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Арнайы әскери операция басталғаннан бері Украина Қарулы күштеріне тиесілі 205 ұшақ, 131 тікұшақ, 1233 пилотсыз ұшу аппараты, 342 зениттік зымыран кешені, 3 587 танк және басқа да броньдалған машина, жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің 539 жауынгерлік машинасын, 2 013 дала артиллериясы қаруы мен миномет, сондай-ақ 3 658 дана арнайы әскери автомобиль техникасын қиратты", - деді Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-лейтенант Игорь Конашенков.
Бұған дейін Ресей әскерилері Украинадағы арнайы операция кезінде 180 ұшақты, сондай-ақ 127 тікұшақ пен мыңнан астам пилотсыз ұшу аппаратын жойғаны хабарланған болатын.