Президент Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды

Тоқаев Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Жезқазғанда Тоқаевты екі бірдей әкім - Ұлытау және Қарағанды облыстарының басшылары Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды.
Сапар барысында жаңадан құрылған облыстың әкімі мемлекет басшысына Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жоспарымен таныстырады.
Ал түстен кейін Тоқаев Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.