Тоқаев Әулиетаудың етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсырды

Тамыры терең мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталғанын білдіреміз, деді ол
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Ұлытауда мемлекеттік рәміздер алаңы ашылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент Ұлытауда барлық рудың таңбасы тасқа жазылғанын атап өтті. Сол арқылы бабаларымыз ұлт бірлігін көрсеткен. Өкінішке қарай, қастерлі жазулар кейін әбден бүлінген.
"Ел азаматтары Ұлытауға ескерткіш қойып, тастағы таңбаларды жаңғыртты. Бірақ, бұл жеткіліксіз деп ойлаймын. Ұлытауда қазақтың бірлігін әйгілейтін сәулетті нысан тұруы керек. Мен Әулиетаудың етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсырамын. Қасиетті өңірде көк байрағымыз асқақтап тұруға тиіс", - деді Тоқаев
Президент бұл ұрпақтар сабақтастығы жалғасып жатқанының көрінісі екенін айтты.
"Тамыры терең мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталғанын білдіреміз", - деді ол.
Тоқаев Қазақстан атауын өзгерту туралы не ойлайтынын айтты