Сирия бойынша келесі келіссөз Нұр-Сұлтанда күзде өтеді

15-16 маусымда астанада келіссөздердің 16-раунды өтіп жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды осы жылдың күзінде өткізілуі керек, деді Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев.
Еске салсақ, Қазақстанда 15-16 маусым күндері Сирия үкіметі мен оппозициясы, сондай-ақ БҰҰ өкілдерінің қатысуымен Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесінің кепілгер елдерінің (Ресей, Түркия, Иран) жоғары деңгейдегі келіссөздерінің 16-раунды өтуде.