Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киевті батыс қаруы несімен таңғалдырды

Sputnik
Батыс Украинаға қару-жарақ жеткізуде белсенділікті арттырып жатыр. Америкалықтар "көмек пакетінің" аясында кезекті 700 миллиард доллар қаражат жұмсады. Донецк пен Луганск Халық Республикаларының армиясы мұхиттың арғы бетінен жеткізіліп жатқан техниканы жақсы меңгеріп алды. Дегенмен, Киевтің бұл қолдауға не себепті көңілі толмай отырғаны туралы РИА Новости жазды.
Екі ай бұрын Украина Қарулы күштері батыс өндірісінің танкке қарсы кешендерін Киев пен Харьков бағытында, сондай-ақ Мариупольде қарқынды қолданып жатты. Украин әскерилері бұл қару торуыл кезінде жоғары тиімділік көрсеткенін айтты.
Сонымен қатар арсеналда танкке қарсы басқарылатын зымыран мен гранатометтің кең номенклатурасы бар: амеркалық Javelin, британдық NLAW, сингапур-израильдік Matador, неміс Panzerfaust 3, швед AT4.
"Джавелиндердің" мүмкіндіктері қатты жарнамаланғанына қарамастан, олар аса ерекше көзге түспеді. Тіпті төрт рет оқ атқаннан кейін де танктер қозғалысты тоқтатпаған жағдайлар болды. Оның қондырғысы да тым күрделі: көздеу жүйесінің сенімділігі ауа райы мен айналадағы жағдайға тікелей байланысты. Соғысқа қатысқандардың айтуынша, Мариупольде танкке қарсы мұндай зымырын кешендерден пайда мүлде болған жоқ.
Тиімділіктің жетіспеушілігін америкалықтардың өздері де мойындап отыр. The Washington Post басылымы Пентагон 286 парақтан тұратын нұсқаулықты украин тіліне аударудан бас тартқанын жазды. Небәрі төрт сағатқа жарамды қосалқы батареялар да тапшы.
Донецк әскерилерінің айтуынша, осы зымыранның британдық аналогы – NLAW бұдан да көп проблема тудырып отыр. Дегенмен танкке қарсы зымыран кешеннің көп бөлігі нысанды сүйемелдеу блогының қуаты таусылған аккумуляторларымен жеткізілген. Бұл оларды түк пайдасы жоқ металға айналдырып тұр. Оның үстіне, кешендердің әрекет ету қашықтығы да салыстырмалы түрде аз: шамамен 800 метр.
"Немістердің Panzerfaust 3 әлдеқайда қызықты, - дейді ДХР армиясы 107-полктің 3---батальонының "Тролль" лақапаты бар командирі. – Бұл гранатомет жеңіл, қуатты әрі кез келген техниканы қирата алады. Ол сондай-ақ ыңғайлы әрі эргономиялы, иыққа тірейтін арнайы тіреуіші бар".
ДХР әскерилерінің айтуынша, Батыс мыңдап жеткізіп жатқан норвегиялық Mistral, америкалық Stinger, британдық Starstreak пен Martlet секілді жылжымалы зениттік-зымыран кешендері соғыс барысына әсер етеді. Республикалық жауынгерлер бұл ресейлік авиацияны тежейтін маңызды фактор болып отыр. Тікұшақтар мен шабуылдаушы техника шағын биіктіктен басқарылмайтын зымырандармен соққы жасауға мәжбүр. Бір есептен, бұл жылжымалы зениттік зымыран кешенінің әрекет ету аумағына аяқ баспауға мүмкіндік береді. Бірақ нысананы көздеу дәлдігін қатты төмендетеді.
Соңғы аптада Украинаға 155 миллиметр калбирлі артиллерия жеткізіліп жатыр: америкалық M777 гаубицалары, ерте модификациядағы M109 өздігінен жүретін техника, дала соғысына арналған M114, француздардың CAESAR дөңгелекті өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылары, италиялық FH70 және тағы басқа. Мұндай жүйелер 30 километрден оқ атады. Авдеевка, Марьинка мен Пескиде нығайып алған Украина Қарулы күштері Донецк орталығына тұрақты соққы жасап жатыр.
"Ауыр қару алып келгеннен кейін бомба лақтыра бастады, - деп түсіндірді журналистерге ДХР армиясының ресми өкілі Эдуард Басурин. – Мұның әскери қажеттілігі жоқ. Мұның психологиялық астары бар: олар адамдарды үрейлендіріп, оларды наразылық білдіріп, әскери іс-қимылды тоқтатуды талап етуге итермелеу".
Соғыстың алғашқы апталарында Украина Қарулы күштері түріктердің барлау және соққы жасауға арналған пилотсыз ұшатын Bayraktar TB2 аппаратын белсенді түрде пайдаланды. Әскерилердің айтуынша, бірақ бұл әскери техника ресейлік зениттік-зымыран жүйелер үшін оңай нысана болып шықты.
"Жиырмаға жуық "Байрактардан" айырылған соң, украиндер әдісті өзгертті, - дейді ДХР армиясындағы "Клим" лақап аты бар офицер. – Бұған дейін соққы жасаушы техника қолданылса, қазір тек барлау ұшақтары іске қосылды. Олар әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі әрекет ететін аумаққа кірмейді. Бірақ мұндай дрондардың еш тиімділігі жоқ. Бірақ Украина Қарулы күштеріндегі шағын коптерлер артиллерия оқ атуын түзету және жергілікті аумақты барлауда тиімді болып отыр".
Сәуірде Вашингтон жүзден астам Switchblade камикадзе-дрондарын жеткізді. Бірақ ашық ақпарат көздерінде олардың қолданылғаны туралы дерек жоқ.