Бішкекте Қазақстан шекарасында биозертхана салуға қарсылық білдірушілер митингке шықты

Нысанның толық атауы – "BSL-4 зертханасы және қауіпті және аса қауіпті штаммдарды жинауға арналған жерасты қоймасы
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Бішкектегі (Қырғызстан) Максим Горький атындағы саябақта қазақстандық Қордай биозертханасының құрылысына қарсы митинг өтуде, деп жазды Sputnik Қырғыстан.
Акцияға ондаған адам келді. Олар "Қырғызстан шекарасында АҚШ-тың биозертханаларына жол жоқ", "Қордайдағы, біздің шекарамызда биозертхананың құрылысын тоқтату" деген плакаттарды ұстап шықты.
Наразылық білдірушілер Қазақстандағы нысанның құрылысына қарсы шығып, оның Қырғызстан шекарасына жақын, ал елорда биозертханадан 80 шақырым жерде орналасатынын алға тартты.
Аса қауіпті штаммдармен жұмыс істеуге арналған зертхананы 2025 жылдың соңына қарай салу жоспарланып отыр. Құжатқа сәйкес, зертхана Жамбыл облысының Гвардейск кентінде пайда болады.
Нысанның толық атауы – "BSL-4 зертханасы және қауіпті және аса қауіпті штаммдарды жинауға арналған жерасты қоймасы".