НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Запорожье облысының әскери-азаматтық әкімшілігінің басшысы Евгений Балицкий Қырымға электр энергиясын жеткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости .
"Қазір біздің бақылауымыздағы атом электр станциясы электр қуатымен айтарлықтай тиімді қамтамасыз етіп отыр. Енді оны Қырымға жеткізуді көздеп отырмыз", - деді Балицкий.
Еске салсақ, арнайы операция барысында ресейлік әскерилер Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов маңы бөлігін бақылауға алды.
Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады, Қырыммен сауда байланысы қалпына келтіріліп жатыр.