Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Дәрігерлердің сөзінше, салмақ қалыпты жағдайдан екі есе үлкен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Түркістан облысындағы №2 перинаталдық орталықта салмағы 6 келі болатын қыз бала дүниеге келді.
Дәрігерлердің сөзінше, салмақ қалыпты жағдайдан екі есе үлкен.
Дәрігерлер 30 жастағы келіншекті 13 маусым күні кесір тілігі арқылы босандырып алған. Қазір ана мен балаға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Нәресте мен анасының жағдайы қалыпты.
Алтыншы перзентін өмірге әкелген Нұрила Бөрікбаева қызының есімін Жұлдыз деп қойыпты.
Бұған дейін Түркістан облысында 23 жастаға ана үшем босанған болатын.