"ӨзенМұнайГаз" компаниясына қарасты учаскеде жұмысшы тірідей жанып кетті – видео

"Марқұм 1977 жылы туған. Бейнеу ауылының тұрғыны
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында" ӨзенМұнайГаз" компаниясына қарасты мұнай-газ өндіру басқармасының аумағында өрт шығып, бір жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды жергілікті Lada.kz порталы.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, "ӨзенМұнайГаз" компаниясына қарасты учаскеде АПРС-40 қондырғысы отқа оранған.
14 маусымда түнгі сағат 23:50 басталған өрт 20 минуттың ішінде өшірілді. Оқиға орнында күйіп кеткен мәйіт табылды.
Қайтыс болған ер адам - "Кезби" ЖШС жұмысшысы.
"Марқұм 1977 жылы туған. Бейнеу ауылының тұрғыны. "Кезби" ЖШС-інде жүк көтергіштің машинисті болып жұмыс істеген", - дейді құтқарушылар.
"Кезби" ЖШС жұмыскердің қайтыс болғанын растады. Компания жерлеу шығындарын өтеуге дайын екенін мәлімдеді.
Ал полиция тергеу шараларын бастап кетті.