Парламенттің бірлескен отырысы 20 маусымда өтеді

Sputnik
Нұр-Сұлтан, 15 маусым – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады парламент мәжілісінің баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 20 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.