Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Херсон облысында теңіз сауда порты жұмысын қайта бастады

Өзендегі кеме қатынасы өңірдің болашақ инфрақұрылымдық дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым - Sputnik. Херсон теңіз сауда порты жұмысын қалпына келтіріп, жүктерді тиеуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
"Херсон теңіз сауда порты жұмысын қайта бастады және жүктерді тиеуге дайындалып жатыр. Инфрақұрылым қалпына келтіріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде, толыққанды жұмысты жаңғыртуға дайындық жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады өңірдегі әскери-азаматтық әкімшілік.
Әкімшіліктегілер порттың жаңа басшысы болып Андрей Харитонов тағайындалғанын мәлімдеді.
Арнайы операция барысында ресейлік әскерилер Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов маңы бөлігін бақылауға алды.
Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады, Қырыммен сауда байланысы қалпына келтіріліп жатыр.
Өңірлер 2022 жылы референдум өткізіп, Ресей Федерациясының субъектісіне айналу туралы жоспарын жариялады.