НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы бұрынғысынша құбылмалы болады.
Қазгидрометтің мәліметінше, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл тұрады, шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп болжанып отыр.
Өңірлердегі ауа райы
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың шығысында екпіні 25 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында бұршақ, дауыл, солтүстік-шығысында, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл соғады деп болжануда, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады.
Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз орталығында бұршақ жауады, солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Атырау облысының шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Қызылорда облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде +11+13 градус жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күн күркіреп, екпінді жел соғады, күндіз +28+30, түнде +17+19 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз +34+36, түнде +18+20 градус жылы болады.