Жыл басынан бері 585 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нен төмен азаматтарға тағайындалады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. 1 маусымдағы жағдай бойынша 113,9 мың отбасындағы 585,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл осы мақсаттарға бюджеттен 84,7 миллиард теңге бөлінді.
АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жыл басынан бері АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 150,2 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.
Еске салсақ, биыл қаңтар айындағы ТЖ режиміне байланысты 2021 жылдың 4-тоқсанында АӘК алған азаматтарға төлемдер 2022 жылдың 1-тоқсанына автоматты түрде ұзартылды.
Бұл ретте жаңа алушыларға электронды үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі берілді.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондқ үкімет порталы арқылы бере алады.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін газ бағасы арзанырақ болады