Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Жаңа туған нәрестелерге Райана, Разия, Райхана есімдері берілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 23 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әйелдің толғағы мерзіміне жетпей басталғандықтан жедел ота жасалды.
Жас ана №2 облыстық перинаталдық орталығында үш қызды босанды.
"Жаңа туған нәрестелерге Райана, Разия, Райхана есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1910 гр, 1950 гр және 2120 гр болды", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Мерзімінен ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлердің бақылауына алынған.