Ресей Қазақстанның бағыты мен позициясын қолдайды – РФ Нұр-Сұлтандағы елшісі

Ресейдің елордадағы елшілі Ресей күні мен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдыған орай шара ұйымдастырды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Ресей Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси тұрақтылық бағыты мен мемлекет басшысының тең позициясын қолдайды, деді Нұр-Сұлтандағы Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкин.
Ресейдің елордадағы елшілі бүгін Ресей күні мен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдыған орай шара ұйымдастырды.
Ресейдің елордадағы елшілі Ресей күні мен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдыған орай шара ұйымдастырды
Нұр-Сұлтандағы Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкин шара барысында Қазақстанның достас әрі бауырлас ел екенін де атап өтті.
"Ресей Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси тұрақтылық бағыты мен мемлекет басшысының тең позициясын қолдайды. Қасым-Жомат Кемелұлының ұлтқа бөлінбей бір бағытты ұстануымыз керек деген сөзі өте орынды. Біз достас қана емес, бауырлас та елміз. Бізді көп жылдық ортақ тарих байланыстырады", - деді ол.
Шараға Қазақстан премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысты. Ол экономикалық күрделі кезеңге қарамастан екі ел арасындағы ынтымақтастық артып келе жатқанын айтты.
Ресейдің елордадағы елшілі Ресей күні мен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдыған орай шара ұйымдастырды
"Қазіргі күні геосаяси, логистика мен сауда, қаржылық салада туындаған қиындықтарға төтеп беруге күш салынып жатыр. Мұндай күрделі кезеңнің өзінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың артқанын байқап отырмыз. Ауқымды антикризистік жұмыс үкімет, ведомство деңгейінде атқарылып жатыр. Өңіраралық байланыстар да белсенді қосылды", - деді ол.
Оның пікірінше екі ел бірлесіп қиындықтарға төтеп беріп қана қоймай экономиканы дамытудың оңтайлы шешімдерін де табады.