Найзағай, жаңбыр, бұршақ: синоптиктер 15 маусымдағы ауа райын болжады

Елдің оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сонымен бірге бұршақ, дауыл күтіледі.
Елдің оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл, түнде солтүстікте, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жел 15-25 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында – бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында - жел 15-23 м/с күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел 15-23 м/с жетеді.
Түнде Қостанай облысының солтүстік-батысында – тұман, күндіз солтүстік-шығысында, шығысында – жел 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл және жел 15-20 м/с күтіледі. Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.