Оқиға

Елордалық қайығы аударылып қалған баланы құтқарды

Дауылда қайықта аударылып кеткен баланы байқап қалған елордалық тұрғын оны құтқаруға асықты
Sputnik
АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан тұрғыны балконнан ұйытқыған дауылды видеоға түсіремін деп су бетінде адамды байқаған.
Ол оған қауіп төніп тұрғанын түсініп, дереу көмекке асықты. Осылайша 10-12 жастағы баланы судан алып шықты.
Видео авторы қалада дауыл басталған кезде, су арнасыбойында демалған адамдар үйлеріне тарқай бастағанын айтты. Ол табиғат құбылысын видеоға түсіру үшін балконға шыққан.
Сол кезде көмекке мұқтаж адамды байқады.
Жігіттің айтуынша, үйден нөсерге қарамастан жүгіріп шығып, ұзақ уақыт бойы ешкімді таба алмады.
Содан кейін: "Ағай, көмектесіңізші!" деген баланың даусын естиді. Оны қайығынан аударылып, тастан ұстанып тұрған кішкентай бала шақырып тұрды.
Бірнеше минуттан кейін кішкентай жүзгіш жағалауда болды. 10 жасар Ұланға төнген қауіп сейілгеннен кейін оның туыстары келді. Баланы құтқарған елордалық өзі кәсіби жүзгіш болса да, сол сәтте бойын үрей билеп, қорыққанын жеткізді.
"Бірақ қандай да бір шешім оның денесін барлығын автоматты түрде жасауға мәжбүрледі", – дейді ол.