Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

БҰҰ Донецктегі перзентханаға оқ атуды халықаралық құқықты бұзу деп санайды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Донецктегі перзентханаға оқ ату туралы хабарлар алаңдатып отыр, азаматтық инфрақұрылымға жасалған кез келген шабуыл халықаралық құқықты бұзады, деп хабарлады дүйсенбіде БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик журналистерге.
"Біз бұқаралық ақпарат құралдары таратқан Донецктегі перзентхана туралы хабарды көрдік. Бұл үлкен алаңдаушылық тудырады. Азаматтық инфрақұрылымға, әсіресе медициналық мекемелерге жасалған кез келген шабуыл халықаралық құқықты анық бұзу болып саналады", - деді Дюжаррик.
Дүйсенбі күні РИА Новости тілшісі Донецктегі перзентхананың шатырына украин снаряды түсіп, босанған әйелдер жертөлеге көшірілгенін хабарлады. Қызметкерлердің жедел әрекетінің арқасында адамдар арасында қайтыс болғандар жоқ.