Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Боливияның экс-президенті Украинадағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Украинадағы қақтығысқа себепші болған АҚШ экономикада да, әлеуметтік салада да ұтылып жатыр, деп мәлімдеді РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Боливияның экс-президенті Эво Моралес.
"Өкінішке қарай, бұл НАТО-ның көмегімен Ресейге қатысты АҚШ-тың арандатуы болып отыр. Әрине, өз егемендігіне, тәуелсіздігіне, халқының қадір-қасиеті мен бостандығына, өзіндік ерекшелігіне кепілдік беретін кез келген ел оларды қорғауға міндетті", - деді ол.
"АҚШ осы қақтығыстың салдарынан өзінің үстемдігі мен экономикасын жоғалтып жатыр... Неге мен өздері арандатқан осы соғыста экономикалық тұрғыдан жеңіліп жатыр деп айттым? Тұтыну бағасы өсіп жатыр... ЖІӨ төмендеуде... Бұл фактілер. Ресей-Украина қақтығысында АҚШ өз экономикасын құлдыратып, өз халқына өзі залал келтіріп отыр", - деді Моралес.