НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Ақмола облысында екі жасар бала дәретхана шұңқырына құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, оқиға Бұланты ауданында болған.
"Бүгін сағат 11:30-дың кезінде аудандық полиция бөліміне баланың анасы хабарласып, екі жасар ұлының ауладаға жүргенде даладағы дәретхана шұңқырына құлап кеткенін айтты", - делінген хабарламада.
Келіншек оны өз күшімен алып шығуға тырысты. Бірақ онысынан ештеңе шықпады. Оқиға орнына құтқарушылар мен дәрігерлер барды.
Мамандар арнайы құрал-жабдықтарды пайдаланып, кішкентай баланы алып шықты. Бірақ ол қайтыс болып кетті.