НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Венесуэла Испаниядан келген адамның маймыл шешегін жұқтырғанын анықтады, деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі.
"Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқастың анықталғанын хабарлайды", - делінген Twitter-де.
"Мадридтен келген науқас індетті жұқтырған екі адаммен Барселонада байланыста болған", - деп толықтырды министрлік.
Науқас оқшауланды. Оның жағдайы тұрақты.