Әлем

Қалыңдығының зиратына гүл апарып жүрген жігітке айыппұл салынды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Алабама штатының тұрғыны Уинстон Хаггансқа марқұм қалыңдығының зиратына апарған гүлі үшін айыппұл салынды, деп жазады Daily Mail.
Ханна Форд пен Уинстон шаңырақ көтеруді жоспарлаған. Бірақ қыз биыл қаңтар айында жол апатынан көз жұмған. Уинстон қалыңдығының зиратына тірі гүлдер отырғызылған қораптарды апарып тұрған. Өйткені Ханна гүл шоқтарын емес, тірі гүлдерді ұнатқан екен. Алайда құқық қорғау органдары күйеу баланың гүлдерін қоғамдық орынды ластайтын "қоқыс" деп санады.
Жігіттің үстінен Ханнаның әкесі Том Форд арызданған. Ол екеуінің қосылғанына әу бастан қарсы болған.
Бірақ қыздың әкесінің қарсылығына қарамастан, Уинстон зират басына тірі гүлдерді апаруды жалғастыра берген.
Сот қыздың әкесін жақтап, күйеу балаға 300 доллар айыппұл салды.