Саясат

Президент екі жаңа елшіні тағайындады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ливандағы елшісін тағайындап, Германиядағы елшісін ауыстырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстанның Германия федеративтік республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды", - делінген жарлық мәтінінде.
Бұған дейін бұл қызметті Дәурен Кәріпов атқарған болатын. Ал жаңа елші бұл қызметке дейін президент кеңсесін басқарған.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның Ливандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін Расул Жұмалы атқарады.
Қазақстанның Ливандағы төтенше және өкілетті елшісі Расул Жұмалы