Өзбекстанда 25 метр тереңдіктегі ұңғымаға құлап кеткен бала құтқарылды – видео

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Өзбекстанда құтқарушылар тар артезиан ұңғымасынан алты жасар баланы шығарып алды, деп хабарлады елдің төтенше жағдайлар министрлігі.
Өткен жексенбі, 12 маусым күні күндізгі сағат екіде Қашқадария облысы Шырақшы ауданы Лангар ауылының тұрғыны құтқару қызметіне телефон шалып, баласының сусыз артезиан ұңғымасына құлап кеткенін айтқан.
Ұңғыманың диаметрі небәрі – 20 сантиметр, тереңдігі – 25 метр.
Құтқару жұмыстарына арнайы техникалар, экскаваторлар мен грейдерлер жұмылдырылды.
Бала кешкі сағат он бірде бір-ақ шығарылды.
Бала дәрігерлерге тапсырылды. Оның жағдайы жақсы деп бағаланды.
Оқиға
Қостанай облысында бала 3,5 метр шұңқырға құлап кетті: оқиғаның мән-жайы