Елорда тынысы

Елордада қатты желден мұнара краны құлады

Оқиға Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында қатты жел салдарынан мұнара краны құлады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті.
Оқиға Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша кран қатты желден құлап кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кран құлаған жерге өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты", - делінген хабарламада.
Комитет ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер жоқ.
Құлаған кран құрлыста қолданылмаған, қаңтарылып тұрған.