НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 436,18 теңге болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жұмадан бері шетелдік валюта 0,65 теңгеге қымбаттады.
10 маусымда доллар бағамы 435,76 теңге болған еді.
Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 434-435 теңгеге сатып алып, 436-439 теңгеден сатып жатыр.