НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Запорожье облысының Бердянск қаласында теракт әрекетіне байланысты ажыраған электр жарығы қалпына келтірілді, деп хабарлады өңірдің әскери-азаматтық әкімшілігінің басшысы Евгений Балицкий.
Жексенбі күні Запорожье облысының азат етілген бөлігінде екі теракт болды: біріншісі қаланың бір бөлігін электр қуатынсыз қалдыру мақсатында Бердянсктегі трансформаторлық қосалқы станцияда, екіншісі Мелитопольдегі полиция ғимаратының жанында, деп хабарлайды РИА Новости.
Еске салсақ, арнайы операция барысында ресейлік әскерилер Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов маңы бөлігін бақылауға алды.
Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады, Қырыммен сауда байланысы қалпына келтіріліп жатыр.
Өңірлер Ресей Федерациясының субъектісіне айналу туралы жоспарын жариялады.