НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Судың тазалығын үйде тексеруге болады, дейді "Барьер" компаниясының биохимик маманы Мария Кулешова.
Ең алдымен, судың жағымсыз иісі немесе түсі сарғыш болса, тексеріп көрген дұрыс, деп хабарлайды РИА Новости.
Сарапшының айтуынша, мұндай суды әішу денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
"Судың түсі оның микробиологиялық немесе техногендік ластануын көрсетеді. Ал сарғыш түс темір мөлшерінің жоғары болуының белгісі", - деп ескертеді Мария Кулешова.
Су проблемаларын көрсететін тағы бір белгі — шәйнекте үнемі қақтың қалуы. Бұл судың қаттылығының жоғарылауын, оның құрамында кальций мен магний сияқты тұздар көп деген сөз, деп қорытындылады Кулешова.