Алмазбек Атамбаевтың отбасы экс-саясаткердің денсаулығы нашарлағаны туралы хабарлады

Туыстарының айтуынша, Қырғызстанның экс-президентінің белі қатты ауырып, шетелде емделуді қажет етеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Атамбаевтар отбасы Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың абақтыда отырғаннан кейін денсаулығы күрт нашарлағанын айтып, оны емдетуге көмек сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
25 мамырда 65 жастағы Атамбаевты түрмеден М.Миррахимов атындағы ұлттық кардиология және терапия орталығына ауыстырды. Сондай-ақ ол жеке емханада тексеруден өтіп, оның отбасы медициналық тексеру қорытындысын БАҚ өкілдеріне ұсынды.
Үш жылға жуық түрмеде отырған бұрынғы мемлекет басшысының денсаулығы күрт нашарлағаны айтылды. Егер 2018 жылы жүрек пен қан тамырларында мін болмаса, қазір компьютерлік томография жүректің қан тамыр ауруы, стенокардия және аорта мен қан тамырлардың стенозды атеросклерозын анықтады.
Қырғызстанның бұрынғы көшбасшысының отбасы 23 наурызда Атамбаев бұрын емделген 47 түзеу колониясының қабырғасында болған оқиғаға қатысты өз пікірлерін алға тартып отыр. Сол кезде отбасы мүшелері экс-президентті камерадан көшеге күштеп сүйреп шығарғанын мәлімдеген болатын.
Магнитті-резонансты томографияда омыртқаның үш протрузиясы мен жарық жарасы анықталды, олар тікелей жұлын мен жүйке тамырларына қысым жасап тұр. Бұл ауыр симптоматика мен қатты ауырсыну тудырады, деп жазылған хабарламада. Экс-президенттің туыстары 23 наурыздан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, бел ауруы айтарлықтай күшейгенін айтты.
"Баррет өңеші" диагнозымен және науқастың қазіргі жағдайына байланысты жоғары мүмкіндікті эндоскопия және қажет болған жағдайда қайтадан өңештің аргон-плазмалық абляциясы ұсынылады. Өкінішке қарай бұл екі операцияны Қырғызстанда жасау мүмкін емес. Омыртқадағы ауырсынуға байланысты берілген прегабалин мен лирика ауырсынуды уақытша ғана жеңілдетеді. Сондай-ақ бұл препараттар тәуелділік тудырады. Сондықтан емдеудің басқа әдістерін іздеуіміз керек. Әлемде жақсы адамдар көп. Бізге көмектесуге дайын жандар бар", - деп жазылған хабарламада.
Атамбаевтың отбасы мен жақтастары оның толық емдеу курсынан, барлық қажетті шаралар мен операциядан өтуіне қол жеткізуді көздеп отыр. Олар үкімет дәрігерлердің нұсқауын орындауға кедергі жасамайды деп үміттенуде.
Алмазбек Атамбаев 2011 жылдың 1 желтоқсанынан 2017 жылдың 24 қарашасына дейін Қырғызстан президенті қызметін атқарды. Одан кейін билікке Сооронбай Жээнбеков келді. Президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін Атамбаевты президенттік қолсұғылмаушылық мәртбесеніне айырып, оған қарсы бірқатар бап бойынша іс қозғалды.
2019 жылдың тамызында арнайы жасақ Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы резиденциясына басып кірді де, Атамбаев тәртіп сақшыларына берілді. Ол қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда 2020 жылдың 30 қарашасында президент Жээнбеков отставкаға кеткеннен кейін Жоғарғы сот айыптау үкімін жойып, істі қайта қарауға жіберді.
2020 жылдың 6 қазанына қараған түні парламенттік сайлауының нәтижелеріне қатысты жаппай наразылық кезінде Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторынан босатылды, ал 10 қазанда Атамбаев сол күні Бішкекте тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деген айыппен тағы да қамауға алынды.