Оқиға

Талдықорған - Үшарал жолында автобус аударылды

Куәгерлер зардап шеккендер бар екенін айтты. Алдын ала ақпарат бойынша жол апатынан бір адам көз жұмды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Үшарал – Талдықорған тасжолында жолаушылар автобусы аударылып кетті.
Жол апатының куәгерлері түсірген кадрлардан апат орнына полиция қызметкерлері мен бірнеше жедел жәрдем көлігі келгенін көруге болады.
Sputnik Қазақстан тілшісі облыстың құқық қорғау органдарына ресми түсініктеме алу үшін хат жолдады.