Денсаулық

Климатты ауыстыру әйел денсаулығына қауіпті - дәрігер

Репродуктивті жүйенің көптеген ауруын ерте кезеңде анықтау қиын, деді маман
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Өмір мен тамақтану ритмінің күрт өзгеруі, климаттың ауысуы, шамадан тыс күн радиациясы, рейстер мен тым көп қозғалысқа толы жазғы саяхат әйелді күйзеліске ұшыратады.
Сондықтан демалыс алдында акушер-гинекологпен кеңесу ұсынылады, деп хабарлады РИА Новостиге Мәскеудің акушерия және гинекология бойынша штаттан тыс бас маманы Антон Оленев.
"Климаттың өзгеруі, шамадан тыс күн радиациясы әйел денсаулығына қауіпті. Сондай-ақ суық суға да шомылмаған дұрыс. Өйткені гипотермия жамбас мүшелерінің қабыну ауруларына әкеп соғуы ықтимал. Сондықтан демалыс алдында акушер-гинекологпен кеңесу ұсынылады", - деді Оленев.
Оның айтуынша, репродуктивті жүйенің көптеген ауруын ерте кезеңде анықтау қиын. Әйел өзгерісті байқамауы да мүмкін.
Маман медициналық тексеруден уақытында өтуге және аурудың алдын алуға назар аударуға кеңес берді.