Жетісу облысын кім басқаратыны белгілі болды

Депутаттардың басым дауысына сенатор Бейбіт Исабаев ие болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды.
"Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын", - делінген президент жарлығында.
Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген. Ол бұған дейін парламент сенатының депутаты болған.