Жамбыл облысында алтын рудасын ұрламақ болғандар ұсталды

Күдіктілер Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары болып шықты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында үш адам өнеркәсіптік компанияның шахтасынан алтын рудасын ұрламақ болған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға туралы полиция бөліміне осы кәсіпорынның қызметкерлері хабарлады. Жәбірленуші тараптың айтуынша, белгісіз тұлғалар компанияның күзетілетін аумағына кіріп, тереңдігі 100 метр шахтаға түсіп, құрамында алтын бар үш қап кен ұрламақ болған.
Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 45 және 46 жастағы екі ер адамды ұстады.
Күдіктілер Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары болып шықты.