Тоқаев Алматы облысының әкімін қызметінен босатты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевты қызметінен босатты.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды", - делінген хабарламада.
Президент жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды.