НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым — Sputnik. Жексенбіде кей өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Тек елдің батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашын жаумайды.
Өңірлердегі ауа райы
Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақмола облысында күндіз бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл, жел жылдамдығы - 15-20 м/с.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт, күндіз 26-28 градус, түнде 13-15 градус.
Алматыда жаңбыр жауады, күндіз 27-29 градус, түнде 18-20 градус.
Шымкентте күн күркіреп, жаңбыр жауады, күндіз - 30-32 градус, түнде - 18-20 градус.