Президент Арменияға мұнай өнімдерін беру туралы келісімге қол қойды

Екі ел үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы келісімге қол қойылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға мұнай өнімдерін беру туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Армения Республикасының үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.