ТАЛДЫҚОРҒАН, 11 маусым – Sputnik. Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі, облыстың жаңа әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ағасы Қуат Сұлтанғазиев қызметінен босатылды.
"Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазив өз өтініші бойынша қызметінен босатылды", - делінген өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.
Ол аудан әкімі лауазымына биыл ақпан айында тағайындалған.
Алматы облысының жаңа әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Қуат және Қанат есімді екі ағасы бар.
Еске салсақ, бүгін, 11 маусымда президент жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Алматы облысының бұған дейінгі әкімі Қанат Бозымбаев қызметінен босатылды. Ол жаңа қызметке ауысатыны хабарланған еді.