Абай облысының әкімі тағайындалды

Нұрлан Ұранхаев бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Абай облысының әкімі тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.
Нұрлан Ұранхаев бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болды.
Ол 1965 жылы Семей қаласында дүниеге келген.