Өңірлер

Шымкентте балабақша басшылары бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді

Олар мектепке дейінгі білім беруді жан басына қаржыландыруға қарастырылған ақшаны ұрлаған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Шымкентте бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Балабақша басшылары 2019-2021 жылдар аралығында балалардың қатысу табеліне жалған мәлімет енгізіп, 45,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Бюджет ақшасы мектепке дейінгі білім беруді жан басына қаржыландыруға "Балапан" бағдарламасы бойынша қарастырылған.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.