Экономика

Нұр-Сұлтанда ТМД экономикалық кеңесінің 94-отырысы өтіп жатыр

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығының түрлі саласын қамтитын мәселелер талқыланады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы экономикалық кеңесінің 94-отырысы өтіп жатыр.
Нұр-Сұлтанда экономикалық кеңестің 94-отырысы өтіп жатыр
Достастық елдері делегациясының басшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығының түрлі саласын қамтитын мәселелерді талқылайды, деп хабарлады ТМД атқарушы комитетінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтанда экономикалық кеңестің 94-отырысы өтіп жатыр
Отырыстың күн тәртібінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикаларын дамытудың макроэкономикалық көрсеткіштері, ядролық апат немесе радиациялық апаттық жағдай туралы хабардар ету жөніндегі шаралар, инновацияларды коммерцияландыру орталықтарының мәртебесі, ТМД-да сәулет және қала құрылысы жылын өткізу қорытындылары және тағы басқа мәселелер қаралады деп жоспарланған.