НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстандық қор биржасындағы күндігзі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 435,76 теңгені құрап, 1,04 теңгеге өсті.
Ұлттық банктің 10 маусымға бекіткен доллардың ресми бағамы 434,51 теңге болатын.
Kurs.kz мәліметінше Алматы қаласының айырбастау пунктерінде доллардың сатып алу бағасы 427,25 теңге, сату бағасы - 437,39 теңге.
Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пунктерінде долларды 432,94 теңгеден сатып алып жатыр, сату бағасы - 435,24 теңге.